08.08.2006, 12:43 3476

"Метоп" жер серігін ұшыратын жаңа мерзім айқындалды

МИСКЕУ. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Еурорпаның "Метоп" жер серігін алып ұшатын "Союз-2-1А" зымыран тасығышын ұшыратын жаңа мерзім айқындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Роскосмос" Федералдық ғарыш агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Роскосмос" пен "Старсем" АҚ арасындағы бірлескен келіссөздердің қорытындысы бойынша Еуропаның ғарыштық агенттігі "Метоп" ғарыш аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағынан 2006-жылдың 7-қазанында ұшыру жөніндегі ұсыныстармен келісті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Союз-2-1А" зымыран тасығышы 17-шілдеде ұшырылуға тиіс болатын. Алайда, ұшырылым бір тәулікке кейінге шегерілді. Осыдан екі күннен кейін техникалық проблемаларға байланысты зымыранды монтаж-сынақ корпусына қайтару туралы шешім қабылданды.

Модификацияланған "Союз-2-1А" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет ұшырылғалы отыр. "Союз-2-1А" зымыран тасығышы - жаңартылған "Союз-У" зымыраны болып табылады.

Диаметрі 410 см-лік пайдалы жүк сыятын ұлғайтылған обтекателі бар зымыранмен көлемді жүктерді тасымалдауға болады. Оның обтекателі "Союз-ФГ" зымыран тасығышындағыдан 40 см-ге артық. Мамандардың айтуынша, оның екпіндетілген қозғалтқышы "Союз-2" зымыран тасығышының жүк көтерімділік қабілетін 1200 килограмға арттыруға мүмкіндік береді. Келешекте "Союз-2" зымыран тасығышы Р-7 түріне жататын барлық зымырандарды алмастырады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны