05.05.2009, 17:34 2449

"Прогресс М-02М" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым алаңына шығарылды

"Прогресс М-02М" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым алаңына шығарылды

Алматы. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Прогресс М-02М" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы 5 мамыр күні таңертең Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым алаңына шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, зымыран ғарыш айлағының №1 алаңына орнатылды. Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым жөніндегі мамандары бірінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жұмыс күніне кірісті.

"Союз-У" зымыраны "Прогресс М-02М" жүк тасымалдаушы кемесімен 8 мамырда Астана уақытымен сағат 00.37-де ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны