15.01.2008, 11:23 1456

"Прогресс М-63" жүк кораблінің ұшырылу мерзімі өзгертілуі мүмкін

"Прогресс М-63" жүк кораблінің ұшырылу мерзімі өзгертілуі мүмкін

Байқоңыр. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр федералдық ғарыш орталығынан "Прогресс М-63" жүк кораблінің ұшырылу мерзімі өзгертілуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі орталықтың баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Жүк кораблі биыл 7-ақпанда ұшырылады деп жоспарланған. Ұшырылу мерзімін өзгерту туралы әңгіме кешеден бері ғана айтыла бастады. Өйткені кеше дәл осы күнге (7-ақпан) америкалық Atlantis шаттлының ұшырылымы белгіленгені мәлім болды. Ол Халықаралық ғарыш станциясына еуропалық Columbus лабораториясы мен қажетті жүктерді жеткізіп, станциядағы экипаж мүшелерін ауыстырмақ.

Агенттік тілшісіне баспасөз қызметінің түсіндіргеніндей, "бір күнде екі ұшырылым бола алмайды. Себебі, Халықаралық ғарыш станциясына тек бір ғана ғарыш аппараты түйістіріле алады. Сондықтан, ресейлік "Прогресс" пен америкалық шаттлдың ұшатын күндерін ажырату керек".

Ал әзірге "Прогресс М-63" жүк кемесі 5-ақпанда, ал Atlantis шаттлы 7-ақпанда ұшырылады деп жоспарланып отыр. "Алайда, нақты шешім тек Роскосмос пен НАСА-ның келісім арқылы ғана қабылданады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны