07.09.2007, 14:38 3303

"Протон" құлаған жерден 15 сынық табылды

Жапонияның жер серігін алып ұшқан "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерден 15 сынық табылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. Жапонияның жер серігін алып ұшқан "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерден 15 сынық табылды, деп хабарлады Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.

"15 шақырымнан астам аумақтан 15 жуық сынықтар табылды", - деді Т. Мұсабаев бүгін өткен үкіметтің отырысында.

Өз кезегінде апаттың себептерін зерттеу жөніндегі үкіметтік комиссияны басқаратын Төтенше жағдайлар министрі "Протон" құлаған жерде диаметрі 40 метр, тереңдігі 10-нан астам метрлік шұңқыр түзілгенін жеткізді.

Апат болған жерден "сынамалар алынып, улану деңгейін анықтау үшін Алматыға тексеруге жіберілді", деді В. Храпунов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны