23.10.2007, 19:18 3093

"Протон" зымыран тасығышы Sirius-4 ғарыштық аппаратын алып 18 қарашада ұшады деп межеленген

"Протон" зымыран тасығышы Sirius-4 ғарыштық аппаратын алып 18 қарашада ұшады деп межеленген.

Байқоңыр. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Протон" зымыран тасығышы Sirius-4 ғарыштық аппаратын алып 18 қарашада ұшады деп межеленген, деп хабарлайды агенттік тілшісі М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Протон" зымыран тасығышы кезекті ұшырылатын күнді Рресей мен АҚШ бірлескен ILS (International Launch Services Inc.) кәсіпорны мәлім етті. Бұл кәсіпорынға Space Transport Inc., М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы мен "Энергия" зымыран ғарыштық кешені кіреді, ол "Протон" және "Atlas" (АҚШ) зымыран тасығыштарын пайдалана отырып ғарыштық аппараттарды ұшыру қызметін көрсетеді.

Қазір Sirius-4 ғарыштық аппараты 92А-50 алаңның монтаждау-сынақ корпусында тұр, онда ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде.

"Протон" ұшырылатын күн ресми түрде жария етілгеніне қарамастан, нақты ұшырылым мерзімі Қазақстан тарапынан "Протон" зымыран тасығыштарын Байқоңырдан ұшыруға салынған тыйым алынғаннан кейін ғана белгілі болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны