22.10.2007, 17:30 3092

"Протон-К" зымыран тасығышын "ұшырылым үстеліне" орнату техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды

"Протон-К" зымыран тасығышын "ұшырылым үстеліне" орнату техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды.

Байқоңыр. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Протон-К" зымыран тасығышын "ұшырылым үстеліне" орнату техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Белгілі болғандай, "Протон-К" зымыран тасығышын орнату барысында 200 алаңның ұшыру кешенінде техникалық ақаулар анықталған, сондықтан да ақауды анықтап, жою үшін зымыран тасығышын монтаждау-сынақ корпусына тасымалдау туралы шешім қабылданған.

"Протон-К" зымыран тасығышын ұшырылым үстеліне жеткізу туралы шешім кеше кешке, 21-қазанда ұшырылымға дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. Бүгін таңертең "Протон-К" зымыран тасығышын 92-1 алаңның монтаждау-сынақ корпусынан әкетілген. Онда "Протон-К" зымыран тасығышы мен зымыранның бас бөлігі түйістірілген.

"Протон-К" зымыран тасығышын ұшыру алдында дайындау кестеге сәйкес жүргізілуде, бірақ 6-қыркүйектегі "Протон" апатына байланысты тыйым салынғаннан кейін Ресей жағы Байқоңырдан "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға Қазақстанның ресми рұқсатын әзірге алмағандықтан, ұшырылым кейінге шегерілуі мүмкін.

"Глонасс-М" ғарыш аппараты академик М. Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған және ол ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің аппараттар топтамасын толықтыруға тиіс.

Жүйе 1993 жылы пайдаланыла басталған. Жердің бетінде 2000 шақырым биіктіктегі үш орбиталық жазықтықтағы дөңгелек орбитада тұрған жер серігінің техникалық жобасы бойынша координат нақтылығын қамтамасыз етеді.

Алты "Глонасс-М" жер серігін 2007 жылдың аяғына дейін ұшыру қазіргі уақыттағы 18 жол серігінің тобын толықтырып, оптималды сан - 24-ке дейін жеткізуге тиіс.

Жер серіктерінің орбиталық тобын қалыптастыруға бағытталған ГЛОНАСС жобасы бойынша Ресейдің серіктесі болып табылатын Қазақстан да оға нқптысуға мүдделік танытып отыр.

"Роскосмостың" басшысы Анатолий Перминовтың мәлім етуінше, 2007 жылдың мамыр айында Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісімдері бойынша екі ел арасындағы ГЛОНАСС ғарыш жүйесі бойынша ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы таяу уақыттарда дайындалып, қол қойылады.

200 алаңнан "Протон-К" зымыран тасығышын "Глонасс-М" ғарыш аппаратымен бірге ұшыру 25-қазанда Астана уақыты бойынша 13.39 минутқа межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны