22.12.2006, 16:48 2820

"Протон-К" зымыраны Ресейдің навигациялық жүйесі жер серіктерімен бірге Байқоңырдағы ұшырылым кешеніне шығарылды

БАЙҚОҢЫР. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында "Протон-К" зымыран-тасығышы мен ГЛОНАСС жүйесіне енетін үш жер серігі 81-алаңның ұшырылым кешеніне шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресейдің "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға дайындаудың ақырғы кезеңіне ден қою туралы шешім кеше кешке мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бүгін жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта "Протон-К" зымыран-тасығышы 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусынан шығарылды. Онда зымыран тасығыш пен ДМ үдеткіш блогы құрастырылып, артынан ол 81-алаңның ұшырылымға арналған "үстеліне" тік күйінде орнатылды. "Хруничев атындағы орталықтың мамандары зымыран-тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелерін тексере бастады. Жұмыстар кестеге сәйкес үш күнге созылады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Глонасс-М" жер серіктері АҚШ-тың GPS жүйесінің баламасы - Ресейдің ГЛОНАСС жүйесіне енетін ғаламдық навигациялық жүйесін толықтыруға арналған.

Үш ғарыштық аппаратты алып ұшатын "Протон-К" зымыран-тасығышы мен ДМ үдеткіш блогы ғарыш айлағының 200-алаңынан 2006-жылдың 26-желтоқсанында Астана уақытымен 2 сағат 18 минутта ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны