04.12.2007, 17:37 2878

Протон-М" зымыран тасығышын "Космос" ғарыш аппаратымен бірге ұшырылым кешеніне шығару жөнінде мемлекеттік комиссиясының шешімі күтілуде

Протон-М" зымыран тасығышымен "Космос" ғарыш аппаратын ұшырылым кешеніне шығару жөнінде мемлекеттік комиссиясының шешімі күтілуде

Байкоңыр. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын "Космос" ғарыш аппаратымен бірге ұшыру алаңына шығару жөнінде мемлекеттік комиссияның шешімі күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, жанармай құю бекетінде "Бриз-М" үдеткіш блогының бактарына жанармай құю жұмыстары жүргізілуде. Ресейлік мамандар зымыран тасығышын ұшырылым алаңына жеткізу дайындықтарының қорытынды жұмыстарын жүргізуде

"Протон-М" зымыран тасығышының "Космос" жер серігі және "Бриз-М" ұшырылым алаңында дайындық жұмыстарын жүргізу туралы шешімді мемлекеттік комиссия мүшелері шығарады.

"Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын №81 алаңның ұшырылым кешеніне шығару 5 желтоқсан таңертеңге белгіленген. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін төрт тәулік бойы тексереді.

"Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3.16) ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны