10.08.2009, 15:45 2866

"Протон-М" зымыраны мен "АзиаСат-5" ғарыштық аппараты Байқоңырдың ұшырылым кешеніне шығарылды

"Протон-М" зымыраны мен "АзиаСат-5" ғарыштық аппараты Байқоңырдың ұшырылым кешеніне шығарылды

Алматы. 10 тамыз. Kazakhstan Today - "Протон-М" зымыраны мен "АзиаСат-5" ғарыштық аппараты Байқоңырдың ұшырылым кешеніне шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Todaу Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағында "АзиаСат-5" телекоммуникациялық ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде: 8 тамызда мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес "Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогымен және "АзиаСат-5"ғарыштық аппаратымен бірге №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығарылды. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

"Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогымен және "АзиаСат-5" ғарыштық аппаратымен бірге 2009 жылдың 12 тамызында Астана уақытымен сағат 01.47-де ұшырылады.

"АзиаСат-5" ғарыштық аппараты Шығыс және Оңтүстік Азия елдеріне С және Ku диапазондарында байланыс қызметін көрсетуге арналған. Ғарыштық аппаратты Space Systems Loral (АҚШ) жасап шығарған. Ұшырылым Гонконгның "АзиаСат" компаниясының мүддесіне сай жүзеге асырылуда. Салмағы - 3760 килограмм. Қызмет ету мерзімі - 15 жыл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны