10.09.2007, 15:30 2650

"Протонның" құлауы салдарынан келген шығын көлемі ақырғы зерттеулер қорытындысы алынған соң айқындалады

"Протонның" құлауы салдарынан келген шығын көлемі ақырғы зерттеулер қорытындысы алынған соң айқындалады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. "Протон-М" зымыран тасығышының құлауы салдарынан Қазақстан жағына келген шығын көлемі ақырғы зерттеулер қорытындысы алынған соң айқындалады, деді республиканың төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов.

"Ақырғы зерттеулер қорытындысы әлі белгісіз болғандықтан, шығын көлемі әлі анықталған жоқ. Мамандар бізге зерттеулер қорытындысын ертең береміз деп отыр. Қорытынды белгілі болған соң тиісті әдістеме бойынша шығын көлемін анықтап, Ресей жағына таныстырамыз", - деді В. Храпунов үкіметте өткен селекторлық жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында.

"Шығын көлемі топырақтағы және өсімдік әлеміндегі гептил мөлшеріне байланысты. Шығын көлемін біз осыдан кейін ғана есептей аламыз", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны