10.09.2007, 14:23 2304

"Протонның" үшінші сатысы ауада жарылып кеткен болуы мүмкін - ҚР Аэроғарыш агенттігінің басшысы

"Протонның" үшінші сатысы ауада жарылып кеткен болуы мүмкін - ҚР Аэроғарыш агенттігінің басшысы.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. "Протон-М" зымыран тасығышың үшінші сатысы ауада жарылып кеткен болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен үкіметтегі селекторлық жиында Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

"Қазіргі жағдаймен зымыран-тасығыштың сынықтары арасынан тек "Протонның" үшінші сатысы ғана табылған жоқ, баллистик мамандардың мәліметінше, ол бізге әзірге белгісіз себептермен ауада жарылып кеткенге ұқсайды", - деді Т. Мұсабаев. Оның пікірінше, "бұл мүмкін тіпті ахуалды жақсартқан болуы да мүмкін, өйткені, керісінше болған жағдайда қосымша 40 тоннадай сынықтар жерге құлаған болар еді. Ал ол ауада жарылып кеткен".

Агенттік басшысы сонымен бірге вице-премьерге "қазіргі жағдаймен негізгі техникалық телеметриялық мәліметтердің қаралғанын, апаттың алғашқы себептері белгілі екенін " жеткізді.

Т. Мұсабаев бұған қоса "қазіргі жағдаймен Ресей жағынан үкіметтік комиссия құрамындағы бірде-бір өкілдің апат орнында болмағанын" жеткізді. "Ол жақтың жұмыс тобы біздің топпен келісе жұмыс істеуде, ал ресейлік үкіметтік комиссияның өкілдері бүгінгі күнге дейін онда болған жоқ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны