08.05.2009, 14:43 2886

"Протостар-2" ғарыштық аппараты Байқоңырдан 16 мамырда ұшырылады

"Протостар-2" ғарыштық аппараты Байқоңырдан 16 мамырда ұшырылады

Алматы. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Протостар-2" телекоммуникациялық жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан 16 мамырда ұшырылады деп жоспарланған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Протостар-2" Азиялық ProtoStar (Бермуд аралдары) операторының орбиталық тобындағы екінші жер серігі ретінде Индонезия, Үндістан, Филиппины және Тайвань аумағында тікелей хабарлар тарату мен басқа да байланыс қызметтерін қамтамасыз етуге тиіс. ProtoStar операторымен келісім негізінде Индонезияның Indovision операторы елде осы жер серігі арқылы тікелей хабар тарату қызметін көрсетеді.

"Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылым қызметі туралы International Launch Services Inc. компаниясы шарт жасасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны