14.05.2009, 12:23 1139

"Протостар-2" телекоммуникациялық жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым кешеніне шығарылды

"Протостар-2" телекоммуникациялық жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым кешеніне шығарылды

Алматы. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Протостар-2" телекоммуникациялық жер серігі, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым кешеніне шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырда "Протостар-2" телекоммуникациялық жер серігі, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Кеше зымыран-ғарыш өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметкерлері зымыран тасығышты ғарыш айлағының 200 алаңына ұшырылым кешеніне шығарды. Зымыран тасығыш тікесінен тұрғызылды. Бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Протостар-2" телекоммуникациялық жер серігі, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен "Протон-М" зымыран тасығышы 16 мамырда Астана уақытымен сағат 06.57-де ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны