02.02.2010, 14:43 5209

Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштардың ұшырылымын кейінге шегеруге байланысты "Қазғарышқа" қарсылық білдірген жоқ - Мұсабаев

Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштардың ұшырылымын кейінге шегеруге байланысты "Қазғарышқа" қарсылық білдірген жоқ - Мұсабаев

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштардың ұшырылымын кейінге шегеруге байланысты "Қазғарышқа" қарсылық білдірген жоқ. Бұл туралы ҚР "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында мекеме басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ресми Мәскеу, Ресей Федерациясы зымыран тасығыштардың ұшырылымын кейінге шегеруге байланысты Қазақстанға да, "Қазғарышқа" да ешқандай қарсылық білдірген жоқ", - деді Т. Мұсабаев.

"Осындай жайттар көзіне елестейтін кейбір тұлғалар бар. Байқоңыр ғарыш айлағынан жасалатын ғарыштық ұшырылымдарға қатысты біздің жоспарларымыз келісілген және нақты белгіленген мерзімде дипломатиялық арналармен Ресей жағына жіберілген", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен жылдың қараша айында Байқоңыр ғарыш айлағынан W7 ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымын кейінге шегере тұру туралы шешім қабылданған.

"Қазақстан Республикасы тарапынан шетелдік тапсырыс берушінің ғарыштық аппаратын алып ұшатын ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дер кезінде рұқсат берілмеді. Белгілі ақпаратқа сәйкес, ұшырылымға қатысты барлық жұмыстар 24 қарашаға шегерілді", - делінді Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының 23 қарашадағы хабарламасында.

Федералдық ғарыш агенттігінің хабарлағанындай, "Қазғарышпен" арадағы барлық құжаттар ерте бастан келісілген, тиісті дайындық жұмыстары толық көлемде жүзеге асырылды.

"Ұшырылым кейінге шегерілуге байланысты ресей жағына материалдық және имидж тұрғысынан шығын келтірілді", - деп санайды Хруничев атындағы орталықтағылар.

Ал "Қазғарыш" жағының мәлімдеуінше, биыл "келісілген жоспарға сәйкес W7 ғарыштық аппаратының ұшырылымы қарастырылмған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны