10.06.2008, 16:12 2945

Ресей мен Қазақстанның мамандары Қазақстанның "ҚазСат-1" жер серігінің хабар таратуында ақау туындау себептерін анықтауда

Ресей мен Қазақстанның мамандары Қазақстанның "ҚазСат-1" жер серігінің хабар таратуында ақау туындау себептерін анықтауда

Байқоңыр. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресей мен Қазақстанның мамандары Қазақстанның "ҚазСат-1" жер серігінің хабар таратуында ақау туындау себептерін анықтауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ресейдің "Сколково" ұшуларды басқару орталығында Ресей мен Қазақстанның мамандары "ҚазСат-1" жер серігінің жұмысындағы ақаулардың себептерін анықтауда және екі күн бұрын жер серігіне қатысты болған оқыс оқиғаны болдырмаудың әдістемесін дәйектеуде.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, ""ҚазСат-1" жер серігінің жұмысындағы ақау ғарыштық аппаратты басқару жүйесінің жұмысындағы проблемалардан туындаған".

"ҚазСат-1" жер серігінің хабар таратуы борттағы сандық есептегіш жүйенің істен шығуы себепті 8 маусым күні мәскеу уақытымен сағат 07 00-де тоқтатылды.

Жер серігін басқару құқығы Қазақстан Республикасының Ақкөлдегі ғарыштық байланыстар орталығынан Мәскеу түбіндегі Ресейдің "Сколково" ұшуларды басқару орталығына берілді. Қазақстанның телерадиоарналарының хабарларын тарату да резервтегі байланыс құралдарына ауыстырылды.

Мамандардың айтуынша, бұл соңғы екі аптадағы шамамен 36 мың шақырымды құрайтын геостационарлық орбитада жүрген ғарыш аппараттарының жұмысындағы осындай үшінші оқиға болып отыр. Бұған дейін IntelSat-904 пен "Экспресс-АМ22" жер серіктерінің жүйелерінде ақау табылған. Бұған себептердің бірін мамандар Күннің магниттік белсенділігімен байланыстырып отыр.

Ал бұл "ҚазСат-1" жер серігіндегі 3 айдың ішінде байқалған екінші ақау. 2008 жылдың 17 сәуірінде ғарыш аппаратында техникалық ақаулар туындап, оны жер серігін жасап шығарушы кәсіпорын - Ресейдің М. Хруничев атындағы орталығының мамандары жойған.

Борт аппаратурасындағы ақаулардың себебі анықталып, жойылғаннан кейін жер серігі қайтадан қалыпты жұмыс режиміне көшіріліп, ол Қазақстан Республикасының Ақкөлдегі ғарыштық байланыстар орталығының басқаруына қайта беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны