11.08.2006, 18:08 2870

Ресей РС-20 "Днепр" үлгісіндегі зымырандарды жуырдағы оқыс оқиғаның себебі анықталғаннан кейін коммерциялық мақсатта қайтадан ұшыра бастайды

АСТАНА. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Ресей РС-20 "Днепр" үлгісіндегі зымырандарды жуырдағы оқыс оқиғаның себебі анықталғаннан кейін ғана коммерциялық мақсатта қайтадан ұшыру туралы шешім қабылдайды. Бұл туралы "Роскосмос" Федералдық ғарыштық агенттігінің төрағасы Анатолий Перминов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Днепр" үлгісіндегі зымырандарды жетілдіру қажеттігі туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана, сондай-ақ, "Днепрдің" құлау себебі нақты анықталғаннан кейін ғана Ресей жағы Қазақстан үкіметіне коммерциялық мақсаттағы ұшырылымдарды қайта жаңғырту жөнінде өтініш жасайтын болады",- деді А.Перминов.

"Қазіргі жағдаймен Ресей осы үлгідегі зымырандарды басқа жерден ұшыру мүмкіндігіне ие",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны