11.08.2006, 17:59 2921

Ресей РС-20 зымыранының құлауы салдарынан Қаазқстан шеккен шығынды төлеуден бас тартпайды

АСТАНА. 11-тамыз. Kazakhstan Today. "Ресей жағы Қазақстанмен арадағы келісімді орындаудан ешқашан бас тартпайды және шығынды толық өтеуге дайын". Бұл туралы "Роскосмос" Федералдық ғарыштық агенттігінің төрағасы Анатолий Перминов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, "шығынды сақтандыру компаниялары төлейді". "Біздің басты мақсатымыз, сақтандырушы фирмалар бізге қарсы шағым түсірмеуі үшін шығын көлемін кәсіби тұрғыда анықтауға саяды",- деді А.Перминов. "Роскосмос" басшысының пікірінше, шығын көлемін анықтау үшін асығып-аптығудың "мәні жоқ". "Нәтижесінде біз екі жаққа да бірдей тиімді сомаға келіп тірелетін боламыз",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны