02.08.2006, 18:45 2887

Ресейдің мекемеаралық комиссиясы РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебін тамыздың аяғына дейін таныстыруға тиіс

МИСКЕУ. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Ресейдің мекемеаралық комиссиясы РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебі туралы қорытындыны тамыздың аяғына дейін таныстыруға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Роскосмос" Федералдық ғарыш агенттігіне сілтеме жасап.

2006-жылдың 26-шілдесінде ғарыштық аппараттарды алып ұшқан РС-20 зымыранының апатқа ұшыру себебін анықтау жөніндегі Ресейдің мекемеаралық комиссиясын осы елдің қорғаныс министрлігі құрған. Оны "Машина жасау жөніндегі орталық ҒЗИ" бас директоры, Ресей ҰҒА-ның академигі Николай Анфимов басқарады.

Комиссия құрамына "Роскосмос", Ғарыштық әскерлер, "Южное" мемлекеттік конструкторлық бюросы, "Космотрас" МКК мен басқа да мүдделі құрылымдардың өкілдері енген.

Комиссияның отырысы 4-тамызда Украинаның Днепропетровск қаласында өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны