11.09.2007, 14:36 2469

РФ үкіметтік комиссиясының өкілдері "Протон" құлаған жерде болған жоқ - Мұсабаев

РФ үкіметтік комиссиясының өкілдері "Протон" құлаған жерде болған жоқ.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. РФ үкіметтік комиссиясының бірде-бір өкілі "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде болған жоқ, деп мәлімдеді Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.

"РФ үкіметтік комиссиясының бірде-бір өкілі "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде болған жоқ, онда тек Ресей Федерациясының жұмыс тобының мүшелері ғана жұмыс істеп жатыр", - деді Т. Мұсабаев бүгін мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында сөйлеген сөзінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6 қыркүйек күні түнде Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады. Ұшырылым белгіленген мерзімде- Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылған, алайда ұшырылымның 135 секундында зымыранның екінші саты қондырғысының қозғалтқышы апатты жағдайда өшіп қалған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуы себеп болған.

"Протон-М" - Ресейдің федералдық ғарыштық бағдарламасының аясында пайдаланылатын ауыр зымыран-тасығыш. Зымыранды М. Хруничев атындағы орталық жасап шығарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны