18.12.2008, 17:37 2984

Роскосмос Байқоңыр мен Плесецк ғарыш айлақтарынан 2009 жылы зымырандар мен ғарыштық аппараттарды ұшыру жоспарын бекітті

Роскосмос Байқоңыр мен Плесецк ғарыш айлақтарынан 2009 жылы зымырандар мен ғарыштық аппараттарды ұшыру жоспарын бекітті

Байқоңыр. 18 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Роскосмос Байқоңыр мен Плесецк ғарыш айлақтарынан 2009 жылы зымырандар мен ғарыштық аппараттарды ұшыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Федералдық ғарыш агенттігі РФ Қорғаныс министрлігімен және мүдделі мекемелермен келісе отырып, Ресейдің Федералдық ғарыштық бағдарламасы, "Ғаламдық навигациялық жүйе" федералдық мақсатты бағдарламасы мен халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалардың аясында 2009 жылғы ғарыштық аппараттарды ұшыру жоспарын бекітті".

Жалпы алғанда 2009 жылы Байқоңыр мен Плесецк ғарыш айлақтарынан 39 зымыран тасығыш ұшыру жоспарланған. Оның басым бөлігі - 30 астамы - Байқоңырдың үлесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны