03.03.2010, 16:46 7285

Роскосмос "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігіне ешқандай да ресми қарсылық білдірген емес - Мұсабаев

Роскосмос "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігіне ешқандай да ресми қарсылық білдірген емес - Мұсабаев

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігі - Роскосмос "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің атына Байқоңырда Федералдық агенттіктің іс-қызметіне қандайбір шектеу қойылғандығы туралы ешқандай да ресми қарсылық білдірген емес. ҚР "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен Мемлекеттік дума депутаты Ненашев мырзаның Қазақстанда енді ғана аяғынан тұра бастаған ғарыш саласына дүрсе қоя берген сөзін ғана естідім", - деді Т. Мұсабаев.

Оның айтуынша, "бұл - мүлдем негізсіз мәлімдеме, және мұны ресейліктердің өздері де, соның ішінде Роскосмос жетекшісі Перминов мырза да мойындап отыр".

"Ал кейбір БАҚ-тарда жарияланған Перминовтың өз сөзі бізге ресми түрде айтылған жоқ. Біз ресми түрде Ресей жағына сұрау салдық, бірақ олар баспасөзде ондай сөздің жарияланғанын жоққа шығаруда", - деді "Қазғарыш" басшысы.

Еске сала кетейік, ақпан айында Михаил Ненашевтің мәлімдегеніндей, Қазақстанның ғарыш саласымен ынтымақтасу "Қазақстан жағының ұстанымына байланысты жылдан-жылға қиындай түсуде". Атап айтсақ, депутаттың сөзіне жүгінсек, Қазғарыш Ресейді 2050 жылға дейін жалға алған Байқоңыр ғарыш айлағынан ығыстырып шығару үшін боларда-болмай тырысуды жалғастырып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны