10.12.2009, 16:54 4989

Роскосмос желтоқсан айында Байқоңырдан үш ұшырылым жоспарлауда

Роскосмос желтоқсан айында Байқоңырдан үш ұшырылым жоспарлауда

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Роскосмос кәсіпорнының қызметкерлері мен Байқоңыр қаласының коммуналдық қызметтері желтоқсан айында Байқоңырдан үш ұшырылым жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазғарыштың хабарламасына сілтеме жасап.

"Южный" ғарыштық орталығының мәліметінше, 2009 жылдың 14 желтоқсанында "Протон-М" ғарыштық мақсаттағы зымыраны "ДМ-3" үдеткіш блогымен және үш бірдей "Глонасс-М" жер серіктерімен қоса ұшырылады.

Сондай-ақ, "Байқоңыр" ғарыш айлағының №1 алаңынан 2009 жылдың 21 желтоқсанында "Союз ТМА-17" пилотты кораблі Халықаралық ғарыш станциясына кезекті экипажды алып ұшуға тиіс.

Ал үшінші ұшырылым - 29 желтоқсанға межеленген "Протон-М" ғарыштық мақсаттағы зымыраны, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен DirecTV 12 текоммуникациялық ғарыштық аппаратының ұшырылымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны