11.08.2006, 18:20 2795

РС-20 "Днепр" зымыран тасығышы құлаған жердегі іздестіру жұмыстары 20-тамызға дейін аяқталады

АСТАНА. 11-тамыз. Kazakhstan Today. РС-20 "Днепр" зымыран тасығышы құлаған жердегі іздестіру жұмыстары 20-тамызға дейін аяқталады. Бұл туралы РС-20 "Днепр" зымыранының құлауынан келген залал-зардапты анықтау жөніндегі үкіметтік комиссияның төрағасы Азамат Ибдімомынов бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Апат болған жердегі іздестіру жұмыстарын біз 20-тамыза дейін аяқтап, бұл мәселеге нүкте қоямыз",- деді А.Ибдімомынов. Оның айтуынша, Іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін эколог мамандар, ҚР ауылшаруашылығы министрлігі, Жер ресурстары жөніндегі агенттігі мен денсаулық сақтау министрлігінің мамандары экономикалық топқа бірігеді.

"Қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде Астанада Ресей және Қазақстандық комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, онда сарапшы топтардың ақырғы жұмыс нәтижелері жария етіледі",- деді А.Ибдімомынов.

А.Ибдімомыновтың айтуынша, қазіргі жағдаймен зымыран қалдықтары құлаған бес жер анықталып, экологияның ластану деңгейі айқындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны