17.10.2006, 15:14 3127

"Союз-2.1а" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық кестеге сай өтуде

БАЙҚОҢЫР. 17 қазан. Kazakhstan Today. "Союз-2.1а" зымыран тасығышын "Метоп" ғарыш аппаратымен ұшыруға дайындық белгіленген кесте бойынша жүргізілуде. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетейік, "Союз-2.1а" зымыран тасығышымен "Метоп" ғарыш аппаратын ұшыру 17 қазан күні Астана уақыты бойынша 22 сағат 28 минутқа белгіленген.

Бүгін түнде ұшыру алаңы маңайында нөсер жауын жауды , бірақ баспасөз қызметі хабарлағандай, ауа райының қолайсыздығы "дайындық барысы мен ұшыруға" кедергі жасамайды. "Мұндай жағдайлар дайындық барысында ескерілген, зымыран тасығышты ылғалдан сақтайтын шаралар қарастырылған. Барлық жұмыстар белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылуда, күтпеген жағдай жоқ",-деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.

Федералдық ғарыш орталығы мамандарының мәліметінше, ғарыш айлағының 31 алаңында ұшыру алдындағы қорытынды дайындық шаралары өткізілуде; зымыран тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелері тексеріліп жатыр.

Осыған дейін хабарланғандай, "Союз-2.1а" жаңа зымыраны шілде айында ұшырылады деп жоспарланған болатын, алайда, бағдарламамен қамтамасыз ету жүйесінің ақауына байланысты зымыран ұшырылған жоқ, ғарыш аппараты қайтадан зауытқа қайтарылған еді. Қыркүйек айының басында, зымыран зауыттан ғарыш айлағына жеткізіліп , "Союз-2.1а" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жандандырылды. Дайындық барысында ұшыру мерзімі 7-қазаннан 17-қазанға ауыстырылды. Оған жер серігін тасымалдау кезінде пайда болған болмашы механикалық ақау себеп болды.

"Союз-2.1а" зымыран тасығышы әлемдегі ең қуатты "Метоп" метерологиялық жер серігін ғарышқа шығаруы тиіс. "Метоп" жер серігін "EADS Astrium" компаниясы Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕҒА)және метерологиялық жер серігін пайдалану жөніндегі еурлопалық ұйымымен ынтымақтастық аясында жасаған. Салмағы төрт тонналық "Метоп" жер серігіне жерді ғарыштан бақылауға арналған 18 антенна орнатылған. Жер серігінің технологиялық жабдығы, Жер үстінің ылғалдығы мен температурасын жоғары нақтылықпен өлшеуге, сондай-ақ теңіз үстіндегі ауа ағынын және атмосферадағы озонды қадағалауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны