21.05.2008, 20:36 2979

"Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің 19 сәуірде баллистикалық "қонуының" себептері анықталды

"Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің 19 сәуірде баллистикалық "қонуының" себептері анықталды

Байқоңыр. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің 19 сәуірде баллистикалық қонуының себептері анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Ғарыш жаңалықтары" ("Новости космонавтики") журналындағы ақпаратқа сілтеме жасай отырып.

Кеме капсуласының баллистикалық құлдырау себебі приборлық-агрегаттық бөліктің қону капсуласынан бөлінбей қалуы себеп болған.

"Себеп белгілі. "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің бөліктерінің бірі қону аппаратынан дер кезінде бөлінбеген. Бұл баллистикалық құлдырауға себеп болған", - деді тілшілерге "Роскосмостың" пилоттық бағдарламалар басқармасының бастығы Алексей Краснов.

Соңғы қорытындыны Халықаралық ғарыш станциясының экипажының баллистикалық траекториямен түсу себептерін тергеп жатқан мемлекеттік комиссия шығарады.

Бұған дейін "Роскосмос" жетекшісі Анатолий Перминов мәлімдегендей, комиссия жұмысы 30 мамырға дейін аяқталуы керек.

19 сәуір күні бортында ресейлік Юрия Маленченко, америкалық Пегги Уитсон және Оңтүстік Кореяның алғашқы әйел ғарышкері Йи Сойоннан құралған экипаж мүшелері бар "Союз ТМА-11" жүк көлік кемесі Қазақстан жеріне баллистикалық құлдыраумен келіп қонғаны белгілі. Бұл ретте ғарыш аппараты белгіленген қону аумағына дейін 420 шақырым жетпеген, ал ғарышкерлер аса жоғары қысымды бастарынан өткізген.

"Союздың" 19 сәуірде болған баллистикалық қонуы "Союз ТМА" қону аппаратының қатарынан екінші рет қатты қонуы болды. 2007 жылдың қазанында Ресей ғарышкерлері Федор Юрчихин, Олег Котов және ұшырылымға қатысушы Шейх Мұзафар (Малайзия) бар "Союз ТМА-9" ғарыш кемесі баллистикалық траекториямен құлдырап, белгіленген аумақтан 400 шақырымға ауытқып кеткен еді. Осы оқиға бойынша "Роскосмос" тергеу жүргізіп, штаттан тыс жағдайдың себептерін анықтаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны