08.04.2008, 11:13 1297

"Союз ТМА-12" экипажының ғарышкерлері ғарыш айлағының ұшырылым кешеніне жүріп кетті

"Союз ТМА-12" экипажының ғарышкерлері ғарыш айлағының ұшырылым кешеніне жүріп кетті

Байқоңыр. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажының ғарышкерлері скафандрларды кию мен ғарыш кораблінде жайғасу үшін №254 алаңдағы ұшырылым кешеніне аттанды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Байқоңыр" ғарыш айлағында бүгін ұшырылым күні. Ұшырылым алдындағы дайындық кестесіне сәйкес, Халықаралық ғарыш станциясына баратын 17 экспедицияның негізгі экипажына кіретін Ресей ғарышкері, ХҒС командирі, "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің командирі Сергей Волков, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің бортинженері Олег Кононенко, сондай-ақ, 14-экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон 10 сағат 15 минутта арнаулы автобуспен скафандрларды кию мен дайындықтар үшін №254 алаңдағы ұшырылым кешеніне аттанды.

14 сағат 15 минутта корабль командирі мемлекеттік комиссияның төрағасына экипаждың ұшырылымға дайын екенін мәлімдейді. Бұдан кейін ғарышкерлер автобуспен №1 алаңдағы Гагарин стартына ғарыш кораблінде жайғасу үшін аттанады.

Ғарышкерлер ғарыш корабліне тоқсатымен көтеріліп, ұшу-қон орындықтарының ложементтеріне жайғасады, бұдан кейін олар үш сағат бойы кеме жүйелерін тексереді.

Бүгін таңертең, сондай-ақ, ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісіп, "Союз-ФГ" зымыран тасығышын зымыран отынының компоненттерімен толтыруға дайындала бастады.

Отын құйылғаннан кейін "Союз-ФГ" зымыран тасығышы мен "Союз ТМА-12" транспорттық пилотты ғарыш кемесін ұшыру туралы шешімді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс.

Ғарышкерлер экипажының 17 негізгі экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны