07.04.2008, 17:43 3340

"Союз ТМА-12" пилотты кораблі экипажының мүшелері күрделі ұшу бағдарламасын атқарып шығуға дайын екендіктерін растады

"Союз ТМА-12" пилотты кораблі экипажының мүшелері күрделі ұшу бағдарламасын атқарып шығуға дайын екендіктерін растады

Байқоңыр. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -"Союз ТМА-12" пилотты кораблі экипажының мүшелері ғарыштық ұшулар бойынша тәжірибелерінің жоқтығына қарамастан күрделі ұшу бағдарламасын атқарып шығуға дайын екендіктерін растады. Бұл туралы бүгін Халықаралық ғарыш станциясына баратын негізгі және қосалқы экипаж мүшелерін бекіткен комиссия отырысынан кейін өткен ұшырылым алдындағы баспасөз мәслихатында корабль экипажы мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Корабль мен Халықаралық ғарыш станциясының командирі Сергей Волков : "Біз Олег Кононенко екеуіміз дайындықтардың толық курсынан бірнеше мәрте өткенбіз, бірақ, кейбір жағдайлар Олег екеуімізге бұдан ертерек ұшуға мүмкіндік бермеді. Ғарыштық ұшуларға дайындық орталығында біз тамаша мектептен өттік, сол себепті де біздің біліміміз бен дайындығымыз сапарды "жақсы" және "өтежақсы" жүзеге асыруға жеткілікті деп ойлаймыз",- деді.

Баспасөз мәслихаты кезінде Самара тумасы, бортинженер Олег Кононенкоға самаралық журналистер жерлестерінің табысты сапар тілеген сәлемін жеткізді.

Ал Сойон Йи өз сөзінде "өзінің миссиясы Солтүстік және Оңтүстік Корея халықтарының жақындасуына қызмет етуін қалайтынын" жеткізді. "Біздің тіліміз бен салт-дәстүрлеріміз бірдей, бірақ Кореяны біріктіру күрделі шаруа болып тұр, мен осы оқиғаның жүзеге асқанын қалаймын. Мен сонымен бірге Солтүстік Корея халқы да менің ғарыштық сапарыма қуанады деп сенемін", -деді Сойон Йи.

Сөз соңында экипаж мүшелері балалар мен жастарға қиялдан қорықпауға, денсаулығын қорғауға және алға қойған мақсаттарына жетуге кеңес берді.

Баспасөз мәслихатынан кейін экипаждар ұшырылым алдындағы кесте бойынша жұмыс істеуге кетті.

Бұл экипаждың ұшырылым мерзімі дәстүрлі таңертеңгі ұшырылымдардан айырмашылықта болғандықтан, ұшырылым алдандағы дайындықтардың кестесі де ауысты. Бүгін ғарышкерлер үшін сабақ күні, ал ертең ұшырылымға дейінгі 6 сағатта экипаждар скафандрлар кию мен ғарыш кораблінде жайғасу үшін №254 алаңға аттанады.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.

"Сергей Волков пен Олег Кононенко Халықаралық ғарыш станциясында жарты жыл жұмыс істейді, осы мерзімде 47 ғылыми эксперимент пен зерттеулер жүргізу, екі "Прогресс" жүк кемесін қабылдау, сондай-ақ, Халықаралық ғарыш станциясын қамтамасыз ету жөніндегі АҚШ бағдарламасы бойынша американдық шаттлдарды қабылдау межеленген", -деп хабарлайды тілші.

Сойон Йи Халықаралық ғарыш станциясында 10 тәулік жұмыс істеп, станцияда жарты жылдық кезекшілікті аяқтаған Юрий Маленченкомен және Пегги Уитсонмен бірге жерге оралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны