30.09.2008, 15:55 8291

"Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері пилотты корабльде жаттығулар өткізді

"Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері пилотты корабльде жаттығулар өткізді

Байқоңыр. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" -"Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері пилотты корабльде жаттығулар өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертең Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кемесінің негізгі экипажы - Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, "Союз ТМА-13" командирі - Юрий Лончаков (Ресей Федерациясы), ХҒС командирі, "Союз ТМА-13" бортинженері - Эдвард Майкл Финк (АҚШ), ғарыштық ұшырылымның қатысушысы - Ричард Гэрриот (АҚШ), сондай-ақ, дублерлер - Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Ник Халик (Австралия) №254 алаңның монтаждық-тексеру корпусында "Союз ТМА-13" ғарыш кемесінде жаттығу жасады.

Жаттығу барысында негізгі және қосалқы экипаж мүшелері скафандрларды киіп көріп, ұшу-қону орындықтарын, байланыс жүйелерінің жұмысы мен ғарыш кемесіндегі құралдардың орналасуын тексеріп көрді.

Ғарышкерлер экипажының 18 экспедициясын "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны