12.10.2009, 10:07 2772

"Союз ТМА-14" ғарыш кемесінің түсірілетін аппараты Қостанай облысына келіп сәтті қонды

"Союз ТМА-14" ғарыш кемесінің түсірілетін аппараты Қостанай облысына келіп сәтті қонды

Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - "Союз ТМА-14" ғарыш кемесінің түсірілетін аппараты кеше Қостанай облысының Арқалық қаласынан 88 шақырымға келіп сәтті қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, "Союз ТМА-14" ғарыш кемесінің түсірілетін аппараты 11 қазанда Қостанай облысының Арқалық қаласынан 88 шақырым жерге келіп сәтті қонды. Түсірілетін аппараттың экипажы төрт есе артық жүктемені сезінуге мәжбүр болған, бірақ мамандар қонуды сәтті деп атады.

Корабль экипажы - ғарышкер Геннадий Падалка, НАСА астронавты Майкл Барратт пен канадалық ғарыштық турист Ги Лалиберте Қазақстаннан Мәскеуге келді.

Экипаж Халықаралық ғарыш станциясында 198 тәулік, ал Ги Лалиберте онда 11 тәулік болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны