19.07.2006, 16:12 2916

«Союз» зымыран-тасығышын ұшыру тағы бір тәулікке кейін шегеріліді

БАЙҚОҢЫР. 19 шілде. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Метоп» ғарыш аппаратын ғарышқа көтеретін «Союз-2-1А» зымыран-тасығышын ұшыру техникалық себептерге байланысты тағы бір тәулікке шегерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ұшыру 19 шілдеге, Астана уақыты бойынша 22 сағат 58 минутқа ауыстырылды.

Зымыран-тасығыштағы жанармай техникалық ақауды анықтау мақсатында төгілді. Зымыранды ұшыру орнынан алып, монтажды-сынақтан өткізу корпусына ауыстыру әзірге жоспарда жоқ, - дейді «Байқоңыр» ФҒО баспасөз хатшысы Олег Урусов.

«Союз-2-1А» Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылғалы отырған алғашқы зымыран-тасығыш, сондықтанда кейбір техникалық ақаулардың болуы түсінікті. Плесецк ғарыш айлағында «Союз-2-1А» зымыранын ұшыру барысында осындай жағдай туындаған, ол кезде де ұшыру уақыты бірнеше мәрте шегерілген болатын», - дейді Олег Урусов.

О. Урусовтың айтуынша, егер бүгін, қандай да бір техникалық кедергілер шықпаса, ұшыру белгіленген уақытында жүзеге асырылады. Ал, егер ақаулар анықталып, ұшыру сәтіне дейін жойылмайтын болса, онда ұшыруды тоқтату туралы шешім қабылдау мемлекеттік комиссия құзырына беріледі.

«Союз-2-1А» Байқоңыр айлағынан ұшырылатын алғашқы жетілдірілген зымыран-тасығыш. «Союз-2» «Союз У» зымыранының жаңаша түрі.

Зымыранның басты ерекшелігі - пайдалы жүк орнының диаметрі 410 сантиметрге кеңейтілгендігінде, яғни «Союз ФГ» қарағанда 40 сантиметрге үлкен. Бұл көлемді жүк сыйғызуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, жылдамдатылған двигателі «Союз-2» зымыранының жүк көтеру қабілетін 1200 кг арттырады. Жоспар бойынша, алдағы уақытта С. Королевтың құрастырған Р-7 зымырандарын «Союз-2» алмастыратын болады.

«Союз-2-1А» зымыран-тасығышы ғарышқа еуропалық «Метоп» жер серігін жеткізуі тиіс. Жер серігіне Жерге бақылау жасайтын салмағы 4 тоннаға жуық 18 антенна қондырылған.

«Метоп» технологиялық жабдығы Жер бетінің температурасын дәл өлшеп, атмосферадағы азон деңгейін және теңіз бетіндегі ауа ағынын бақылауға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны