01.12.2009, 15:55 5002

"Союз-ТМА-15" кораблінің экипажы Қазақстан аумағына келіп қонды

"Союз-ТМА-15" кораблінің экипажы Қазақстан аумағына келіп қонды

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Союз-ТМА-15" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен бірге Қостанай облысының Арқалық қаласының маңына келіп қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Халықаралық ғарыш станциясына барған 20-шы және 21-ші экспедициялардың экипажы бүгін 1 желтоқсанда Жерге оралды. "Союз-ТМА-15" кораблінің түсірілетін аппараты Арқалық қаласынан солтүстікке қарай 80 шақырымға келіп қонды.

Роскосмостың хабарлауынша, Халықаралық ғарыш станциясына барған ұзақ мерзімді 20-шы және 21-ші экспедициялардың үш экипаж мүшесі Роскосмос ғарышкері Роман Романенко, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Франк де Винне мен Канада ғарыш агенттігінің астронавты Роберт Тирск Халықаралық ғарыш станциясында жүргізілген ғылыми сынақтардың нәтижелерін ала келді.

"Союза ТМА-15" кораблі Халықаралық ғарыш станциясынан 1 желтоқсанда мәскеу уақытымен сағат 06.56-да бөлінді.

Роскосмос ғарышкері Роман Романенко, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Франк де Винне мен Канада ғарыш агенттігінің астронавты Роберт Тирск 187 тәулік ұшты.

Франк де Винне өзінің станция командирі өкілеттілігін НАСА астронавты Джеффри Уилльямсқа өткеріп берді. Сондай-ақ, Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментіндегі өкілеттілік Роман Романенкодан ресми түрде Максим Сураевқа табысталды.

Д. Уилльмс пен М. Сураев 22-ші экспедицияның құрамында станцияда "Союза ТМА-17" кораблі ұшып келгенге дейін жұмыс істейді. "Союз ТМА-17" транспорттық жүк кораблі Байқоңырдан 2009 жылдың 21 желтоқсанында ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны