30.11.2009, 13:24 4224

"Союз-ТМА-15" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен бірге Қостанай облысына келіп қонады

"Союз-ТМА-15" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен бірге Қостанай облысына келіп қонады

Алматы. 30 қараша. Kazakhstan Today - "Союз-ТМА-15" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен бірге Қостанай облысының Арқалық қаласының маңына келіп қонады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Халықаралық ғарыш станциясына барған 20-шы және 21-ші экспедициялардың экипажы ертең, 1 желтоқсанда Жерге оралады. "Союз-ТМА-15" кораблінің түсірілетін аппараты Арқалық қаласының маңына келіп қонады. Түсірілетін аппарат таңертеңгі сағат 10 шамасында келіп қонады деп есептелген.

Роскосмостың хабарлауынша, Халықаралық ғарыш станциясына барған ұзақ мерзімді 20-шы және 21-ші экспедициялардың үш экипаж мүшесі Жерге қайта оралуға дайындалуда. Роскосмос ғарышкері Роман Романенко, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Франк де Винне мен Канада ғарыш агенттігінің астронавты Роберт Тирск өздері ала келетін жүктерді, соның ішінде Халықаралық ғарыш станциясында жүргізілген ғылыми сынақтардың нәтижелерін "Союз-ТМА-15" корабліне тиеуде.

"Союза ТМА-15" кораблі Халықаралық ғарыш станциясынан ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында мәскеу уақытымен сағат 06.56-да бөлінуге тиіс.

Франк де Винне өзінің станция командирі өкілеттілігін НАСА астронавты Джеффри Уилльямсқа өткеріп берді. Сондай-ақ, кеше Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментіндегі өкілеттілік Роман Романенкодан ресми түрде Максим Сураевқа табысталды.

Д. Уилльмс пен М. Сураев 22-ші экспедицияның құрамында станцияда "Союза ТМА-17" кораблі ұшып келгенге дейін жұмыс істейді. "Союз ТМА-17" транспорттық жүк кораблі Байқоңырдан 2009 жылдың 21 желтоқсанында ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны