13.04.2007, 11:12 2864

Талғат Мұсабаев Ұлттық Аэроғарыш агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

АЛМАТЫ. 13-сәуір. Президенттің қаулысымен ғарышкер Талғат Мұсабаев Ұлттық Аэроғарыш агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа мекеме білім және ғылым министрлігі жанындағы осы аттас комитет негізінде, бірнеше күн бұрын құрылды.

Кеше премьер-министр Кәрім Масимов Талғат Мұсабаевты құттықтап, оны ұжымға таныстырды.

Кәрім Масимов агенттік төрағасы мен ұжымға табыс тілеп, Қазақстан келер жылдары ғарыштық державалар клубына енеді деген үмітін білдірді.

Талғат Мұсабаев жуырда ғана Мәскеуде "Мыңжылдық адамы" атты халықаралық марапатқа да ие болған-ды. Ғарышкер өз сөзінде еліміздің ғарыш саласын жаңа ғылыми жетістіктер негізінде дамытуға күш салу қажет екенін айтты.

"Біздің жерімізде әлемдегі теңдесі жоқ "Байқоңыр" кешені орналасқан. Сол мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек" деді Талғат Мұсабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны