01.08.2006, 09:07 2897

Тамыз айының екінші жартысында "КазСат" жер серігін жоспарлы ұшыру сынақтары аяқталады

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. 18-тамызда "КазСат" жер серігін жоспарлы ұшыру сынағынан өткізу аяқталады. Бұл жөнінде премьер-министр Даниал Ахметовтың Ақмола облысы Ақкөл кентінде орналасқан Ұшу сапарларын басқару орталығында болған кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Орталықтың жетекшілерімен және бас мамандарымен кездесіп, тұңғыш қазақстандық жер серігінің ұшу барысымен танысты.

Жер серігінің ұшырылғанына 44 күн болды, ол тұрақтау нүктесіне шықты, ғарыш аппаратының көрсеткіштері нормаға сай.
Сынақ толық аяқталып, арнайы комиссия мақұлдағаннан кейін ғана жер серігіне пайдалы жүктеме артылады.

"КазСат" жер серігінің жұмыс барысымен танысқаннан кейін премьер- министр Орталық қызметкерлеріне арнап салынып жатқан 30 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Үкімет басшысы мемлекеттік ғарыш бағдарламасының жүзеге асырылу барысын жоғары бағалады. Даниал Ахметов Ақкөл орталығы үкіметтің қолдауымен өркендей беретіндігін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны