04.06.2013, 14:55 64706

"Тараз химиялық паркі" АЭА аумағында 20 кәсіпорын құрылады

2020 жылға дейін "Тараз химиялық паркі" Арнайы экономикалық аймағы аумағында 20 кәсіпорын құрылады, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Дәурен Ердебай ҚР Үкіметі отырысында.

Астана. 4-маусым. Kazakhstan Today - "Тараз химиялық паркі" АЭА аумағында 20 кәсіпорын құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2020 жылға дейін "Тараз химиялық паркі" Арнайы экономикалық аймағы аумағында 20 кәсіпорын құрылады, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Дәурен Ердебай ҚР Үкіметі отырысында.

"Алдын ала АЭА аумағында 2020 жылға дейін 20-ға дейін химия кәсіпорны орналасады және бұл жобаларға шамамен 180 млрд теңге инвестиция тартылады", - деді Д.Ердебай.

Қазіргі уақытта бірінші кезек шеңберінде натрий цианидін, күйдіргіш сода және хлор, хлорлы фосфор, глифосат өндіру бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, ол Тараз химия кластері аумағында оқу орталығы құрылатынын хабарлады.

"Бір ай көлемінде Таразда және Атырауда оқу орталықтарын құру бойынша нәтижелерді мәлімдейміз. Біз 2014 жылға дейін сұранысқа ие болатын мамандықтар тізімін анықтап қойдық", - деп атап өтті ол.

ҚР ИЖТМ бағалауы бойынша Қазақстанда 2020 жылға қарай республикамыздағы химия саласындағы білікті мамандардың жетіспеушілігі әр түрлі біліктіліктегі 15 мыңға жуық жұмысшыны құрайды.

"Қазіргі уақытта білікті мамандар жетіспейді. Осылайша, 2020 жылға қарай химия саласындағы нақты жобаларды жүзеге асыру үшін әр түрлі біліктіліктегі 15 мыңға жуық жұмысшы қажет болады. Оның ішінде, жоғары білімді - 3 мыңнан астам адам, орташа техникалық білімі бар - 2 мыңнан астам адам, және қалғандары кәсіби білімі бар білікті мамандар", - деді И.Исекешев.

Сонымен қатар, ол аталған жұмыс шеңберінде енгізілетін өндірісті ескере отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Және де, оқытушыларды қайта даярлау мәселелерін қарау керек, атап айтқанда, олардың тек академиялық институттарда ғана емес, басқа да шетелдегі өндіріс компанияларында машықтану және оқыту мәселелерін шешу қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны