12.06.2013, 12:41 43718

ҮИИДМБ аясында Қазақстанда 20 жаңа тау-кен металлургия кәсіпорны құрылады

Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев "Astana Mining & Metallurgy" IV Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде мәлім етті.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда тау-кен металлургия бағытындағы 20 жаңа кәсіпорын құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев "Astana Mining & Metallurgy" IV Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде мәлім етті.

"Бүгін бұл салада шамамен 300 мың адам жұмыспен қамтылған, сондықтан ҮИИДМБ аясында аталған салаға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінеді. Осы бағдарлама шеңберінде тағы да қосымша 10 мың тұрақты сапалы жұмыс орнын құру арқылы 20 жаңа өндірісті іске қосу жоспарланып отыр", - деді И.Исекешев.

Сонымен қатар, вице-премьер қазір тау-кен металлургия саласы қиын жағдайда екенін басып айтты.

Осылайша, оның айтуынша, дүниежүзілік экономиканың өсу қарқынының баяулағаны байқалып отыр, дамушы нарықтардың өсу қарқынының күрт төмендеуі тау-кен металлургия саласындағы сұранысты азайтып, бағалардың тұрақсыздығына алып келді. Бұдан өзге, жаңа материалдардың пайда болуы, экологиялық нормаларды күшейту, инвестицияларға жоғары бәсекелестік салаға ұзақ мерзімді шақырулар қалыптастырып, мемлекет тарапынан адекватты жауаптарды талап етеді.

"Қазақстанда ТКМК - экономиканың басты секторларының бірі, оған ЖІӨ-нің шамамен 9%, өнеркәсіптік өндірістің 18%-ға жуығы және экспорттың төрттен бір бөлігі тиесілі", - деп қортындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны