02.02.2010, 13:52 4682

Үкімет басшысы KazSat-1 жер серігіне қатысты сақтандыру төлемдерін өтеттіріп алу жұмыстарын қарқындандыруды тапсырды

Үкімет басшысы KazSat-1 жер серігіне қатысты сақтандыру төлемдерін өтеттіріп алу жұмыстарын қарқындандыруды тапсырды

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов KazSat-1 жер серігіне қатысты сақтандыру төлемдерін өтеттіріп алу жұмыстарын қарқындандыруды тапсырды. Ол бүгін Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"KazSat-1 жер серігіне қатысты нақты тапсырма беремін, сақтандыру арқылы біз оған жұмсаған шығындарды толық өтеп алу үшін сақтандыру жағдайына қатысты мәселе толық шешімін табуға тиіс", - деді Кәрім Мәсімов Талғат Мұсабаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда үкімет басшысы сақтандыру бойынша алған төлемдер одан әрі ғарыш саласын дамытуға жұмсалады деп уәде берді.

Бұған қоса ол Қаржы министрлігімен біргесе санақ жүргізуді тапсырды. "Біз қандай мүлкіміз бар екенін және нені меншіктенетінімізді және оны арықарай қалай үйлестіру қажеттігін айқын білуіміз қажет", - деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны