21.07.2008, 11:52 1134

Үш "Глонасс-М" навигациялық жер серіктерін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке белгіленді

Үш "Глонасс-М" навигациялық жер серіктерін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке белгіленді

Байқоңыр. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Үш "Глонасс-М" навигациялық жер серіктерін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке белгіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмостың" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ақпараттық жер серіктерінің жүйесі" ААҚ бас директоры Николай Тестоедов хабарлағандай, Ресейдің құрамында 24 жұмыс істейтін және 6 қосалқы ғарыш аппараттары бар ГЛОНАСС (Глобальная навигационная спутниковая система - Жаһандық навигациялық жер серіктерінің жүйесі) орбиталық топтамасы жоспарланған мерзімде қалыптасатын болады.

"Қазір "Ақпараттық жер серіктерінің жүйесі" ұшырылымы 25 қыркүйекке белгіленген үш "Глонасс-М" ғарыш аппараттарын Байқоңырға жөнелтуге дайын. Ал 25 желтоқсанда көкке көтеру жоспарланып отырған тағы да үш "Глонасс-М" аппараттары жиынтықтау сатысында тұр", - деп атап көрсетті Н. Тестоедов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны