11.02.2015, 21:35 188076

Webometrics рейтингісі: ЕҰУ тағы да бірінші!

11 ақпан күні Кибернетика лабораториясы (Cybermetics) Испания Ұлттық Зерттеу кеӊесiнiӊ ақпарат және құжаттама орталығыныӊ ресми веб-ресурсында Webometrics білім беру сайттарыныӊ рейтингісінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ Қазақстан бойынша алғашқы орынды иеленіп, дүниежүзі бойынша үздік 2 000 орынға табан тірегені және әлемдегі 20 000 ЖОО арасынан 1 836 орынға, Азиа бойынша 8 902 ЖОО арасынан 574 орын алғандығы белгілі болды

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - 11 ақпан күні Кибернетика лабораториясы (Cybermetics) Испания Ұлттық Зерттеу кеӊесiнiӊ ақпарат және құжаттама орталығыныӊ ресми веб-ресурсында Webometrics білім беру сайттарыныӊ рейтингісінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ Қазақстан бойынша алғашқы орынды иеленіп, дүниежүзі бойынша үздік 2 000 орынға табан тірегені және әлемдегі 20 000 ЖОО арасынан 1 836 орынға, Азиа бойынша 8 902 ЖОО арасынан 574 орын алғандығы белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ЕҰУ Қазақстан бойынша тағы да бірініші!

Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiӊ көлемімен, (көрнекiлiк) және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ғаИИИламтор желісіндегі ғылыми жаИрияланымдар, әр ЖОО ғалымИдаИрыныӊ зерттеу еӊбектері, оларИға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ныӊ ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады. Отандық және шетелдік ЖОО-лармен, ғылым - білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық етудіӊ арқасында Еуразия ұлттық университеті қазақстандық ЖОО-лар арасында жасалынатын сілтемелердіӊ веб-домендер саны бойынша көш бастады.

Нәтижесінде ЕҰУ отандық 111 ЖОО арасынан Қазақстан бойынша Webometrics рейтингісіне сәйкес бірінші орынға және бүкіл әлем бойынша 20 000 ЖОО мен білім беру ұйымдары арасынан 1 836-ші орынға тұрақтады. Республикамыз бойынша екінші орында - Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (әлемдік рейтинг бойынша 2 193 орын), Қазақ ұлттық аграрлық университеті үшінші орын (2 528 орын), төртінші орында - С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті (2 837 орын), бесінші орында М.Иуезов атындағы Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2 936 орын).

http://www.webometrics.info/en/Asia/Kazakstan

Webometrics рейтингісінде сайттарды бағалаудыӊ екінші маӊызды критерийі - ғаламтор желісінде ұсынылған ғылыми мақалалар, ЖОО ғалымдарыныӊ зерттеулері мен олардыӊ дәйексөз көрсеткішініӊ болуы.

Бүгінде "еуразиялықтардыӊ" электрондық ғылыми мақалаларға ашық қолжетіміділік мүмкіндігімен қамтамасыз ететін Еуразия ұлттық университетініӊ репозиторий қорында 10 000-нан астам материалдар бар. Бұл ретте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақстандық ЖОО арасында алғаш болып шетелдегідей мақалаларға еркін қолжетімділік мүмкіндігін тәжірибеде қолданып келеді.

Webometrics рейтингісі жылына екі рет қаӊтар және шілде айларында университеттер сайтыныӊ рейтингісін жарияласа, оқу ордамыздыӊ ресми веб-сайты бұған дейін де қазақстандық ЖОО-лар арасындағы рейтингіде бірнеше мәрте көш бастаған болатын. Бұл жетістіктер университеттіӊ білім беру деӊгейі мен белсенділігініӊ арта түскендігі және әлемдік стандарттарға сай дамып келе жатқандығыныӊ нақты көрінісі. Ғылым жолында тер төгіп жүрген ғалымдары мен профессорлары, жаӊа дәуірдіӊ жаӊалықтарына бейімделген ізденісі мол студенттері бар Астана төріндегі Еуразия ұлттық университеті алдағы уақытта да әлем университеттері ішінен ойып тұрып орын ала береді.

Еуразия ұлттық университетініӊ ұжымын жоғары жетістігімен құттықтай отырып, ғылым-білім ізденісінде толағай табыстарға жете беруіне тілек білдіреміз.

Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны