Система Orphus

Жапонияның жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым алаңына орнатылды

02.09.2007, 13:09 838

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. БАЙҚОҢЫР. "Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым алаңына орнатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жапонияның JCSAT-11 телекоммуникациялық жер серігін ұшырылымға дайындаудың ақырғы кезеңін өткізу жөніндегі шешімді кеше кешке мемлекеттік комиссия қабылдады.

"Бүгін таңертең жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта "Протон-М" зымыран тасығышы JCSAT-11 жер серігі мен "Бриз-М" үдеткіш блогы зымыранның бас бөлігімен түйістіру шарасы жүргізілген 92-1 алаңның монтаж-сынақ корпусынан шығарылып, тік күйінде ұшырылым "үстеліне" қойылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлағанындай, зымыран тасығышқа қызмет көрсету фермалары орнатылып, М. Хруничев атындағы орталық мамандары зымыран тасығыш пен ұшырылым кешенінің жұмыстарын бірінші ұшырылым күнінің кетесі бойынша тексере бастады.

Бұрын хабарлағанымыздай, жер серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы өндірген, Жапония мен көршілес аймақтардағы тұтынушыларға телекоммуникациялық қызметтерді жапониялық JSAT Corporation компаниясы атты байланыс операторы көрсетеді. JCSAT-11 ғарыштық аппараты Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. Жер серігі кем дегенде 15 жыл қызмет етуге тиіс.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл Жапонияның жер серігінр алып ұшатын бірінші "Протон" болмақ, бұған дейін JSAT сериялы ауыр жер серіктерін "Зенит-3SL" зымыраны ( JСSAT-9 жер серігі 2006 жылдың сәуір айында ұшырылған) теңіздегі қалқымалы платформадан, ал тағы біреуін Еуропаның "Ариан-5" зымыраны (JСSAT-10 2006 жлдың тамызында) алып ұшқан.

Осы орайда еске салсақ, "Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогы мен JSAT-11 ғарыштық аппараттарнын алып 6 қыркүйекте Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп межеленген (Мәскеу уақытымен 2.43 ).

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны