13.08.2009, 16:01 3123

Жерге қатер төндірген астероидтарды табуға NASA қаржы таба алмай отыр

Жерге қатер төндірген астероидтарды табуға NASA қаржы таба алмай отыр

Алматы. 13 тамыз. Kazakhstan Today - Жерге қатер төндірген астероидтарды табуға АҚШ-тың NASA аэроғарыш агенттігі қаржы таба алмай отыр. Бұл жайында АҚШ Ұлттық ғылым академиясының баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

NASA мамандарының есептеуінше, біздің күн жүйемізде Жермен соқтығысуы мүмкін 20 мыңдай астероидтар мен құйрықты жұлдыздар - кометалар бар. Олардың бәрінің диаметрі 140 метрден жоғары. Қазіргі жағдаймен ғалымдар осындай 6 мыңдай нысанның орнын біліп отыр. Диаметрі 140 метрден 1 шақырымға дейінгі астероидтар жалпы Жерге қатер төндірмегенімен, бір өңірді толығымен жойып жібере алады. Өткен айда NASA астрономдары бір астероидтың Юпитермен соқтығысу оқиғасын қадағалады, соның салдарынан планетада көлемі Жермен бірдей шұңқыр түзілген.

Астероидиарды жоюға қажетті қаржы көлемі 800 млн жуық долларға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны