18.11.2019, 19:17 22897

Шекарашылар қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің жолын кесті

Қорғас шекаралық бақылау жасағының ШЫХО өткізу пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу келе жатқан 1999 жылғы туған екі ҚР азамат ұсталды. Олдардың қол жүктерінің ішінен Қытайда өндірілетін "MONT" маркалы 5000 дана темекі өнімдері табылды. "Алтынкөл" кедендік бекетінің қызметкеріне тапсырылды.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Шекарашылар қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің жолын кесті.

Кеше Петропавл шекара жасағының "Жаңа жол" өткізу пунктінің шекара наряды РФ-дан ҚР-ға "Тойота LC-200" автомашинасымен келе жатқан 1971 жылғы туған РФ азаматын ұстады. Ұстауға автокөліктің жүк салғышын тексеру кезінде табылғанқару-жарақ арсеналдары себеп болды. Ұсталған жүктің толық тізімі: колиматорлық көздеуіші бар "Remington 870 express" қаруы - 1дана,366 калибрлі "TG-2" қаруы - 1 дана,12 калибрдің оқ-дәрілері - 49 дана, 366 калибрдің оқ-дәрілері - 62 дана, магазин - 2 дана, 10х22калибрлі "Grandpayer Т-10" травматикалық тапаншасы - 1дана, тапаншаның оқ-дәрілері - 18 дана, магазин - 2 дана. Ұсталған азамат табылған заттарымен біргеМамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Қостанай шекара жасағының "Қайрақ" өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға "ауди" автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы туған РФ азаматын ұстады. Ұстауға жеке тексеру кезінде табылған марихуана себеп болды. Ұсталған азамат Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Қорғас шекаралық бақылау жасағының ШЫХО өткізу пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу келе жатқан 1999 жылғы туған екі ҚР азамат ұсталды. Олдардың қол жүктерінің ішінен Қытайда өндірілетін "MONT" маркалы 5000 дана темекі өнімдері табылды. "Алтынкөл" кедендік бекетінің қызметкеріне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны