24.03.2019, 18:28 7532

"Тұран" этно-фольклорлық ансамблі 10 жылдық мерейтойын атап өтті

Шығармашылық кездесу барысында "Тұран" этно-фольклорлық ансамблінің мүшелері топтың дүниеге келуі жайында, концерттік сапарлардан алған әсерлері туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күні "Наурыз" мерекесіне орай өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды.

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 19 наурызында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен Алматы қаласында -"Тұран" этно-фольклорлық ансамблінің 10 жылдық мерейтойына арналған кездесу өтті.

Шығармашылық кездесу барысында "Тұран" этно-фольклорлық ансамблінің мүшелері топтың дүниеге келуі жайында, концерттік сапарлардан алған әсерлері туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күні "Наурыз" мерекесіне орай өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды.

"ТҰРАН" ансамблінің тарихы 2008 жылдан бастау алады. Қазіргі таңда топ құрамында Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбет, Мақсат Медеубек, Абзал Арықбаев және Ержігіт Алиев өнер көрсетеді. Ансамбльден бөлек топ мүшелері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарып, аталған оқу орындарында магистратура, докторантура бойынша білім алуда.

Қазақ халқының сыбызғы, сазсырнай, домбыра, қобыз, жетіген, шіңкілдек сияқты саз аспаптарын, көмеймен қайлау ән айту мәнерін өзара үндестіру арқылы көне сарынның заманауи тұрғыда қайта жаңғыртудағы ізденістері ансамбльдің құрылуына түрткі болды.

Аталған ұжым төрткүл дүние тыңдармандарын өз өнерімен тамсандырып үлгерді. Әлемнің 70 мемлекеттерінің "Карнеги холл" (Нью-Йорк, АҚШ), "Кеннеди центр" (Вашингтон, АҚШ), "Концерт хаус" (Берлин, Германия), "Кремль сарайы" (Москва, Ресей), "Конгресс және фестиваль сарайы" (Канны, Франция), "Салле Корто" (Париж, Франция), және т.б. әлемге аты шулы концерттік залдарында 600-ге жуық жеке концерттерін өткізіп, ұлттық өнеріміздің насихатталуына, дамуына үлкен үлесін қосуда.

10 жылдық мерейтойы қарсаңында "ТҰРАН" ансамблі Беларусь, Норвегия, Ресей, Әзірбайжан, Венгрия, Татарстан, Түркия елдеріне әлемдік турне жасады. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қаржылай қолдауымен "ТҰРАН" тобы Қытай Халық Республикасының Шунде, Шеньчжень, Цинхуандао, Пекин, Шанхай, Ханчжоу қалаларында жеке концерттерін өткізді.

Жақында аталған ұжым Монте-Карло, Канны және Париж қалаларына "Ұлы даланың жеті қыры" атты концерттік турне жасап қайтты. Топтың келесі аялдамасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен "Nomad Universe" фестивалі болды. Бұл фестивалге "ТҰРАН" қазақ музыка мәдениетінің өкілдері және фестивальдің құрметті қонағы ретінде шақыртылды.

Елге қайта оралып, топ мүшелері өз жанкүйерлері мен тыңдармандарын жинап, 10 жылда атқарылған еңбектері мен жеткен жетістіктерінің нәтижесімен бөлісті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны