24.06.2020, 18:42 11336

"Шұбаркөл көмір" АҚ-ның 130 қызметкері COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Соның ішінде 22 маман - кеңсе қызметкері және өнеркәсіптік алаңда вахталық әдіспен жұмыс істейтін - 108 адам бар.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan Today - "Шұбаркөл көмір" АҚ-ның 130 қызметкері COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде 22 маман - кеңсе қызметкері және өнеркәсіптік алаңда вахталық әдіспен жұмыс істейтін - 108 адам бар. Олардың короновирус инфекциясын жұқтырғаны өнеркәсіптік алаңға шығар алдында өткізілген ПЦР-тестілеуде анықталды. Кенішке аттанатын барлық қызметкерлер алдын ала оқшауланып, қонақ үйде тұрған, сол жерде олардан сынама алынған болатын.

"Шұбаркөл көмір" АҚ қызметкерлері арасында вахтаға барар алдында ПЦР-тестілеу өткізгеннің арқасында аурудың кеніште жаппай таралуына жол берілмеді.

Бүгінде "Шұбаркөл көмір" АҚ штаттық режимде істеп тұр. Өндірістік процес қандай да бір өзгеріссіз, короновирус инфекциясын алдын алу нұсқауларын мұқият сақтай отырып, іске асырылады. Барлық ғимараттар мен көліктерде санитарлық тазарту және зарарсыздандыру жүргізіледі, маска режимі сақталады.

"Шұбаркөл көмір" АҚ мен ERG өнім тұтынушыларының алдындағы барлық міндеттемелерін алдағы уақытта да толық көлемде орындау үшін қолынан келгенін жасайды.

Барлық қазақстандықтарды жеке қорғану ережелерін мұқият сақтауға шақырамыз: маска кию, антисептикті қолдану, қоғамдық жерлерге қажетсіз бармау, барған жағдайда қауіпсіз қашықтықты сақтаңыздар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны