15.03.2019, 23:24 7746

"Союз- ФГ" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Еске сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 01.14-те "Союз-МС-12" көліктік-пилотты кораблін алып "Союз- ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Қарағанды. 15 наурыз. Kazakhstan Today - "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері "Союз- ФГ" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 01.14-те "Союз-МС-12" көліктік-пилотты кораблін алып "Союз- ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Ұшырылым қалыпты жағдайда жүргізіліп, оның бірінші сатысының бөлшектері (бүйір жақ блоктары) Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан №16,49 белгіленген құлау аймағының (Ю-25 аймағы) шегінде жерге құлады.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Байқоңыр қаласында Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстарын атқарды және "Союз- ФГ" зымыран тасығышына жанармай құю және оның ұшырылымынан кейінгі арнаулы жұмыстар кезінде атмосфералық ауаның және топырақтың сынамасын алуды жүзеге асырды.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Жезқазғандағы құлау аймағында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарына кірісіп, қоршаған орта нысандарынан сынама алды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны