Система Orphus

ЮНИСЕФ Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеуді насихаттау мақсатында ата-аналар арасында әлеуметтік тәжірибе өткізді

13.05.2019, 19:59 9073

Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеуді насихаттау мақсатында ата-аналар арасында әлеуметтік тәжірибе өткізді.

Алдын-ала хабардар болмаған қазақстандықтар науқанға қатысуға, "тәрбиелеу құралдарын" сатып алуға шақырылды. Науқанның промоутері болып театр актрисасы, әрі екі баланың анасы Анастасия Тарасова ойнады. Ол көшеде өтіп бара жатқан адамдарға белбеу, тәпішке және өзге де "тәрбиелеу құралдарын" сатып алуды ұсыну кезінде олардың "артықшылықтарын" айтып сендіруге тырысты:"Мына былғарыдан жасалған белбеу арқылы балаңызды тәрбиелесеңіз, көп ұзамай бала тілалғыш болады". Жасы кіші балалардың ата- аналарына, актриса "тәпішке" ұсынса, ал жылауық немесе көп сөйлейтін балалар үшін скотч сатып алуға кеңес берді.

Провокациялық эксперименттің мақсаты-балаларға зорлық-зомбылық және қатыгез қарау мәселесіне назар аудару. 2016 жылғы зерттеудің мәліметтері бойынша, Қазақстанда ересектердің жартысынан көбі балаларды жазалау ретінде, күш қолданатындары анықталды.Алайда, әлеуметтік эксперимент көптеген ата-аналардың балалардың тәрбиесіне алаңдаушылық білдіретіндерін жеткізіп, позитивті тәрбиені қолдайтындарын көрсетті. "Мен бұл заттардың бәрін өртеп жіберуді ұсынамын", - деді экспериментке қатысушы адамның бірі.

"Белбеу мен ұрып-соғу баланың денесінде ғана емес, оның жан дүниесіне де кірбің салады.10 жағдайдың барлығында дерлік сіз келешекте көптеген ауруға шалдыққан, әрі қорқақ баланың өсетініне сенімді болыңыз", - деп Анастасия Тарасова соңынан ата-аналарды ақпараттандырды. Бұл деректі балаларға қатысты зорлық-зомбылық салдарын көп жыл бойы зерттеген медициналық зерттеу нәтижерелері дәлелдейді.

"Өкінішке орай, көптеген ересектер зорлық-зомбылықты тәртіпке салумен шатастырады. Балалармен қатал қарым-қатынас олар керісінше өздерін барынша қауіпсіз сезінуі тиіс жерде, яғни отбасында кездеседі," - деп түсіндірді ЮНИСЕФ-тің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі бағдарламалардың үйлестірушісі АйсұлуБекмұса. "Біз бұл әлеуметтік эксперименттіата-аналарғабалаларды жазаламайтәрбиелеумаңызды жәнемүмкін екендігін көрсетумақсатындаөткіздік. Сондай-ақ, қоғамның осы ауқымдымәселеге назарын аудару арқылы балалық шақты сақтап қалғымыз келді".

Әлеуметтік эксперимент "Есті! Әңгімелес! Құшағыңа ал!" компаниясының бір бөлігі. Науқан ЮНИСЕФ-тің, Адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі Өкілеттіктің, Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комитеттің бастамасымен іске асырылуда.

Сарапшылардың айтуынша, балаларға қатысты күш қолданудың кез- келген түрі өсіп келе жатқан баланың миына зақым келтіреді. Зорлық-зомбылықтың салдары, жылдар өткен соңбайқалып, ересек өмірде адамның физикалық, эмоционалдық және психикалық денсаулығына кері әсерінтигізеді.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ЮНИСЕФ коммуникациялық науқаны балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде зорлық-зомбылық әдістеріне жол берілмейтіндігі, осы мәселедегі тәсілдемелерді, нормаларды және қағидаларды өзгерту қажеттілігі жас ата-аналардың, сонымен қатар барлық қоғамның хабардарлығын жоғарылатуға бағытталған. ЮНИСЕФ 2010 жылдан 2016 жылға дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге жүргізген зерттеулер сериясына сәйкес, Қазақстанда ересектердің шамамен 75%-ы отбасыдағы балалардың жүріс-тұрысын бақылау үшін дене жазалауын қолдайтыны, ал ата-аналардың 67%-ы балалардың тәрбиелеудің зорлық-зомбылық түрлерін қолданатындығы анықталды.

Қазақстанда "111" және "150" балаларға арналған екі ұлттық жедел желісі бар, олар балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын тіркейді және инстанциялар бойынша табыстайды. Алайда анықтау, хабарлау, тіркеу және үн қату механизмдері бұрынғыдай жеткіліксіз дәрежеде дамыған. Коммуникациялық науқан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қолданылатын реформаларды қолдайды және ата-аналарға да, балалармен жұмыс жасайтын мамандарға да балаларды жағымды тәрбиелеуді дамытуға жағдай жасайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны