14.05.2019, 19:11 8200

Нұр-Сұлтан қаласында білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша кездесу өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басышының орынбасары Рустам Шарибаев өз баяндамасында мектеп бітіру шаралары кезіндегі бұзушылықтар туралы статистикаға сілтеме жасап, оқу орындарының басшыларын мұқият болуға және іс-шаралардың форматын қарапайым түрде өткізуге шақырды.

Нұр-Сұлтан. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласында әкім орынбасары Малика Бектұрованың төрағалығымен "Астана - адалдық алаңы" жобасының аясында білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова,"Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, мәслихат депутаты Мирас Шекенов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаментінің басшысы, жоба со-кураторы Жазира Жылқышиева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Департамент басшысы Дулат Азбергенов, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басышының орынбасары Рустам Шарибаев, Білім басқармасыныңбасшысы Әнуар Жангозин, елордалық мектептер мен колледждердің директорлары қатысты.

Әкім орынбасары білім беру саласын цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді. Ол әкімдіктің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірге бірлескен бірқатар жобалары жөнінде атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басышының орынбасары Рустам Шарибаев өз баяндамасында мектеп бітіру шаралары кезіндегі бұзушылықтар туралы статистикаға сілтеме жасап, оқу орындарының басшыларын мұқият болуға және іс-шаралардың форматын қарапайым түрде өткізуге шақырды.

"Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, мәслихатдепутаты Мирас Шекенов білім беру мекемелерінің қызметінде ашықтық саясатын сақтау қажеттігін атап өтті.

"Мектептерде жиі ақша жинау -ата-аналардың жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржының толықтай мектептің қажеттілігін қамтамасыз ететіндігін білмеуі.

Мектеп мәселелерін шешуде ата-аналар комитеттерінің белсенді қатысуын тоқтату қажет. Жоба кеңсесіне келіп түсетінхабарламалардан, біз ата-аналарға үлкен қаржылық жүктеме жасайтынын байқаймыз. Ал егер отбасында бірнеше бала болса?" - деді Шекенов.

Спикердің айтуынша, ата-аналар комитетінің қызмет формасы реттелмеген. Бұл ретте нормативтік өзгерту қажет.

Сондай-ақ, "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі алдағы жазғы маусымда білім беру-ойын-сауық бағдарламаларын және мектеп жанындағыдемалыс орындарындағы азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібін зерттейтінін атап өтті.

Елордада "Жас Ұлан" республикалық қоғамдық бірлестігі "Адал Ұрпақ" клубымен бірлесіп, мектеп бітіру кезіндегі іс-шаларды үнемді өткізу науқанын бастады. Қазіргі уақытта бізді Алматы қаласы қолдады. Біз басқа аймақтардан да қолдау білдіретінінесенеміз", - деді Мирас Шекенов.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаментінің басшысы, "Астана - адалдық алаңы" жобасының со-кураторы Жазира Жылқышиева білім беру саласында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы атап өтті.

"Соңғы жағымды жаңалықтардың бірі директорлардың қызметтік кеңселерін оңтайландыру болды.

Айта кету керек, біздің бастамаларымыздың әрқайсысы ғылыми негіздеме немесе табысты халықаралық тәжірибе арқылы жүзеге асады. Біріккен Араб Әмірліктерінде мектеп басшыларының кеңселері 20 ш.м., АҚШ-та 15 ш.м.-ден аспайды. Бұл - әкімшілік аудандарды пайдаланудың үнемділігі мен тиімділігін көрсетеді.

Сондай-ақ, тек елордада мектептерде қоғамдық тамақтандыру қызметтерін ұсынудың конкурстық рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі шешілді", - деді Жылқышиева.

Сондай-ақ спикер жоғары оқу орындары және колледждерде жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері жөнінде атап өтті.

"Сауалнама нәтижесі білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың бар екенін көрсетті, алайда студенттер мен мұғалімдер онымен күресуге дайын. Айта кету керек, сауалнама нәтижесіне сәйкес ҚазГЗУ университетінде білім алушылар жемқорлық көріністерімен мүлдем кездеспеген", - деді Жазира Жалқышиева.

Агенттіктің елордалық Департаменті басшысының айтуынша білім беру мекемелерінде ақша жинауға қатысты өтініштер саны артуда. Өтініштер әлеуметтік желілер, мессенджер және Агенттіктің Интерактивті қоғамдық бақылау картасы арқылы келеді.

Қазіргі уақытта Карта жүзеге асырылатын бюджет қаражаттарын көрсетеді және қарапайым азаматқа ауытқуларды бақылауға мүмкіндік береді. Қазір азаматтар картаны неғұрлым белсенді пайдаланып, бір немесе басқа объекті бойынша пікірлерін қалдырып отырғанын көріп отырмыз", - дейді баяндамашы.

Сондай-ақ Жазира Жылқышиева өткен жылы сыбайлас жемқорлық үшінұсталған2 фактіні атап өтті.

"Бірінші жағдайда №27 Ясли сад балабақшасының басшысы Абильдина Назира елорданың тұрғынын жұмысқа заңсыз орналастырған. Абильдинажұмысқа жалған орнластыру арқылы әйелдің банк картасынан жалақыны жеке өзі алып, нәтижесінде 2015-2017 жылдар кезеңінде ол 1,5 млн. Теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлаған. Осы кезеңде Абильдинатұрғын-үй алуға кезекке тұру үшін тағы бір азаматшаны жұмысқа заңсыз орналастырған.2 жыл бойы қызмет атқармаған жұмысшылар үшін ұрланған жалақының жалпы көлемі 2,6 млн.теңгені құрайды. Сот Абильдинаны 5 жылға бас бостандығынан шектеу және өмір бойы мемлекеттік лауазымда жұмыс жасау құқығынан айыру жазасын тағайындады" - деді Жылқышиева қатысушыларға.

№65 мектеп-гимназиясының директоры Адильбай Альжан мен қызметкер Ляззат Тойшиева осыған ұқсас жалған жұмысқа орналасу және бюджет қаражатын игеру сияқты фактілерді жасап, 3,5 млн. теңге көлемінде қаржыны жымқырған.Екеуіне де сот 5 жылға бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.

Жазира Жылқышиева сондай-ақ Білім басқармасында және оның бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны