19.07.2019, 19:52 7673

Омбудсмен балаға қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша құқық қорғау органдарына жүгінді

Омбудсмен Асқар Шәкіров Бас прокуратураға және Маңғыстау облысының әкіміне мұқият тексеру жүргізіп, осы істі жеке бақылауға алу туралы өтінішімен жүгінді.

Нұр-Сұлтан. 19 шілде. Kazakhstan Today - Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған Маңғыстау облысының тұрғыны К. Сыдықованың оның қызына қатысты асырап алған отбасы мүшелерінің зорлық-зомбылық жасау қатері фактісі жөнінде уәкілетті органдардың әрекетсіздігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің атына шағымы бойынша Омбудсмен Асқар Шәкіров Бас прокуратураға және Маңғыстау облысының әкіміне мұқият тексеру жүргізіп, осы істі жеке бақылауға алу туралы өтінішімен жүгінді.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы арасындағы адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде тиісті өтініш осы іс бойынша оның құзыреті бөлігінде Жоғары Сот органының атына жіберілді.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны