06.09.2019, 20:59 12742

БҚО-да адам өлтірген екі азамат ұсталды

Ұсталған азаматтардың екеуі де бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Нұр-Сұлтан. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы тамыздың 26 күні Орал қаласы Зашаған ауылында "Орал-Атырау" тасжолының бойындағы орман алқабында зорлықпен өлтірілген әйел адамның мүрдесі табылды.

БҚО ПД және Орал қ. ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 1990ж.т. азамат ұсталды, ол 1963 ж.т. әйел адамды өлтіргенін мойындады.

Сондай-ақ, ұсталған азамат және оның 1992 ж.т. танысы ер адамды өлтірген. Оның мәйіті 27 тамыз күні "Газовик" саяжай қоғамы аумағында табылды. Ұсталған күдіктілерден велосипед және жәбірленушінің сөмкесі табылды.

Ұсталған азаматтардың екеуі де бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Аталған фактілер бойынша ҚК-нің 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны