06.09.2019, 21:29 20395

Қазақстанға қарай тексеріп-өткізу бекеттеріне соқпай "төтелей тартқан" 16 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды

Күршім шекара отрядына қарасты "Урыль" комендатурасының шекарашылары "Көкнәр-2019" бірлескен алдын алу шаралары шеңберінде Катон Қарағай ауылының маңынан жабайы қарасора алқабын тауып, аудандық әкімшілік пен полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен 3125 түп қурайды өртеп, көзін жойды.

Нұр-Сұлтан. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қордай шекара отрядына қарасты "Сортобе" заставасының кезекшісіне застава аумақтарының бірінде қызмет атқарып жүрген шекара наряды радиостанция арқылы, арғы беттен Мемлекеттік шекараны бетке алып бір жаяу адамның келе жатқандығы туралы баяндады. Заставадан шұғыл жиналып шыққан дабыл тобы арада он минут өткенде шекара қоршауын бұзып кірген бейтаныс адамды дәл қарсы алдынан күтіп алды. Қазақстанға қарай тексеріп-өткізу бекеттеріне соқпай "төтелей тартқан" 16 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы екен. Асығамын деп алтын уақытын жоғалтты.

Қорғастық шекарашылар Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан елімізге салмағы 129 кг қытайда шығарылған дәрі-дәрмекті алып өтпек болған 21 жастағы қазақстандықты ұстады. Заңсыз жүк Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды.

Күршім шекара отрядына қарасты "Урыль" комендатурасының шекарашылары "Көкнәр-2019" бірлескен алдын алу шаралары шеңберінде Катон Қарағай ауылының маңынан жабайы қарасора алқабын тауып, аудандық әкімшілік пен полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен 3125 түп қурайды өртеп, көзін жойды.

Қордай шекара отрядының "Карасу" бөлімшесінде шекара наряды елімізге енгізілмекші болған 196 800 пачка кальянға арналған, "HALK" маркалы заңсыз темекі өнімінің жолын кесті. 26 жастағы қырғыз азаматы жүргізіп келе жатқан "DAF" жүк көлігінен табылған заңсыз жүк - темекі өнімінің жалпы көлемі 492 қорап (әр қорапта 40 блоктан). Автокөлік жүгімен бірге Жамбыл облыстық экономикалық қылмыстар департаментіне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны